Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті белгілі қазақстандық кәсіпкер Алмаз Зарипов ұсталуына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz Sputnik_Kyrgyzstan-ға сілтеп.
Басылым мәліметінше, ол қырғыз азаматына тиесілі 2,5 млн АҚШ долларын иемденді деген күдікке ілінген.
БАҚ деректерінше, Зарипов – Kazbrend азық-түлік холдингінің иесі және Қазақстанның Аграрлық-өнеркәсіптік одағының төрағасы.
"Айыпталушы кінәсін толық мойындап, келтірілген шығынды өтеуге кірісті. Осыған байланысты оған қатысты бостандығынан айыруға байланысты емес бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қаралып жатыр", – деп жазылған мәліметте.