Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Ақтоты Жапатова 17 қыр. 2025 11:06

«Қазгидромет» 17-20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Синоптиктердің хабарлауынша, 17 қыркүйек күні Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік Қазақстанда түнде тұман түсіп, кей жерлерде жаңбыр жауады. Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында да өткінші жауын-шашын болжанып отыр, күндіз кей өңірлерде найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде 3-9 градус жылы, күндіз 14-20 градусқа дейін көтеріледі.

Ал Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, ШҚО және Абай облыстарының таулы аймақтарында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Тау бөктерінде жел күшейіп, екпіні 15–20 м/с жетуі мүмкін.

18-20 қыркүйек аралығында да оңтүстік циклон мен атмосфералық фронтальді бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Бұл күндері республиканың солтүстік-шығысы, орталығы және оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауып, күшті жел тұрады, бұршақ жаууы ықтимал. Тек батыс және солтүстік-батыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ауа температурасы аймақтарда әртүрлі болады:

  • Батыста түнде 10-18°, күндіз 18-23° жылы;

  • Солтүстік-батыста түнде 1-10° жылы, кей жерлерде 2° үсік, күндіз 18-25°;

  • Солтүстікте түнде 2-10° жылы, кей аймақта 2° үсік, күндіз 17-23°;

  • Орталықта түнде 0-8°, күндіз 15-25° жылы;

  • Шығыста түнде 2-13°, күндіз 10-18° жылы;

  • Оңтүстікте түнде 7-15°, күндіз 20-28° жылы;

  • Оңтүстік-шығыста түнде 8-14°, күндіз 15-25° жылы болады.

Синоптиктердің айтуынша, солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар