Freedom Inside '26

Мұнай бағасы үш күндік өсімнен кейін төмендеді

Мұнай бағасы үш күндік өсімнен кейін төмендеді
pixabay.com

Сәрсенбі күні таңертең мұнай бағасы соңғы үш күн қатарынан тіркелген өсімнен кейін төмендеді,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Лондондағы ICE Futures биржасындағы қараша айына арналған Brent маркалы мұнай фьючерстері Астана уақытымен сағат 11:14-тегі мәлімет бойынша $0,13-ке (0,19%) арзандап, бір баррель үшін $68,34 болды.

Ал Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) қазан айына арналған WTI мұнайының фьючерстері $0,1-ге (0,15%) арзандап, $64,42 баррель деңгейінде саудалануда.

Еске салайық, сейсенбі күні Brent бағасы $67,58-ге дейін өскен еді. Ал WTI фьючерстері $63,46 деңгейінде болған.

Баға өзгерістеріне әсер еткен негізгі факторлар ретінде Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістер (Израильдің Газадағы операциялары), сондай-ақ Ресейдің энергетика нысандарына жасалған соққылардан кейін мұнай жеткізілімінің қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық пен халықаралық тауарлық нарықтағы геосаяси тәуекелдер аталды. Сондай-ақ инвесторлардың көңіліне АҚШ-тағы ықтимал санкция және Федералдық резервтің пайыздық мөлшерлемені өзгертуіне қатысты күтулер де әсер етті.