Олигархтардан қайтарылған ақшаға ауыл тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз етілді

Көркем Алдабергенова 17 қыр. 2025 11:11

Ақмола облысы Зеренді ауданының Ақадыр ауылында қайтарған активтер ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Аталған қаражат есебінен ұзындығы 12 шақырым болатын су құбыры желілері мен су алу құрылыстарының құрылысы жүргізілуде.

Қазіргі уақытта ауыл тұрғындары ауыз суды пайдалануда шектеулерге тап болып отыр, негізгі су көзі ретінде колонкалар мен су тарату пункттері қызмет етуде. Су құбыры пайдалануға берілгеннен кейін 500-ден астам тұрғын орталықтандырылған ауыз сумен қамтылады.

Мердігер ұйым жұмыстың сапасын қамтамасыз ету мен белгіленген мерзімдерді қатаң сақтауға баса назар аударып отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
Бизнесмен
17 қыр. 2025 12:58