Ресейдегі дағдарыс Қазақстанның тау-кен металлургиясына да әсер етуі мүмкін

Ақтоты Жапатова 17 қыр. 2025 10:29

Ресейдегі металлургия мен көмір өндіру саласындағы дағдарыс Қазақстандағы тау-кен металлургия кешені (ТМК) мен көмір нарығында алаңдаушылық туғызуда, деп хабарлайды Dalanews.kz. "ҚазТАГ"-қа сілтеме жасап.

Соңғы деректерге сәйкес, Кузбастағы «Спиридоновская» шахтасы бірнеше ай бойы жалақы төленбегендіктен жұмысын тоқтатқан. Қарыз көлемі 193 млн рубльден асып, 500-ден астам кенші жұмыстан босатылды. Ресейдің металлургия саласында да жағдай күрделі: сұраныс төмендеп, логистикалық шығындар мен жоғары пайыздық мөлшерлемелер экспортты тиімсіз етіп отыр.

Ірі компаниялардың өзі шығынға батып, жобаларын қысқартуға және дивидендтерден бас тартуға мәжбүр. Сарапшылардың пікірінше, бұл жаппай жұмыстан босатуға, әлеуметтік шиеленістің артуына, көмір өндіру мен болат өндірісінің қысқаруына әкелуі мүмкін.

Дереккөздің айтуынша, Ресейдің металлургия саласында, әсіресе болат құю мен көмір өндіруде болып жатқан ахуал тікелей немесе жанама түрде Қазақстанға әсер етуі мүмкін.

«Ресейдегі көмір өндіру мен металлургиядағы қазіргі дағдарыс, Қазақстан бірқатар факторларға байланысты, соның ішінде логистикалық тізбектер арқылы байланыста болғандықтан, екі ел арасындағы тығыз экономикалық байланыстарға қарамастан, біздің елдегі көмір мен тау-кен металлургия саласына жанама түрде әрдайым әсер етіп келген – экономикалық блок пен негізгі қазақстандық ойыншылар Ресейде немесе басқа да маңызды аспектілерде болып жатқан жағдайдың Қазақстанға да ықпал етуі мүмкін екеніне толық сенімді», - деді ҚазТАГ дереккөзі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар