Қырғызстанда ҰҚМК жемқорлыққа қарсы басқармасының басшысы ұсталды

Көркем Алдабергенова 20 ақп. 2026 14:21

Қырғызстанда ҰҚМК-ның жемқорлыққа қарсы бағытын басқарған шенеунік қамауға алынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетіне қарасты аса маңызды істермен айналысатын алтыншы бас басқарманың басшысы Тілек Әбдіхалықов ұсталды. Бішкек қаласының соты оны 15 сәуірге дейін қамауда ұстауға санкция берді.

Соттың мәліметінше, Әбдіхалықовқа «Жемқорлық» бабы бойынша айып тағылған.

Ашық дереккөздерде Тілек Әбдіхалықов туралы ақпарат өте аз. Бұған дейін ҰҚМК жанындағы жемқорлыққа қарсы қызмет таратылып, бұл бағыттағы міндеттер алтыншы бас басқармаға жүктелген болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove