Қырғызстан билігі елдегі орыс тілінің мәртебесіне ерекше назар аударып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы Мәскеуде өткен кездесуде Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаров Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинге мәлімдеді.
“Конституциямызда орыс тілі ресми тіл болып бекітілген. Сондықтан орыс тіліне әрдайым ерекше құрметпен қараймыз", – деді ол.
Сонымен қатар Жапаров ұлы жазушы Шыңғыс Айтматов атақты шығармаларын орыс тілінде жазғанын еске салды.
“Білім беру саласындағы ынтымақтастығымыз қарқынды дамуда. Айта кетейін, өткен жылы Қырғызстан мен Ресейде жұмыс істеп жүрген әрі екі ел арасындағы достықтың көпірі болып отырған ондаған мың білікті маман Ресейден даярланып шықты”, – деп атап өтті Қырғызстан Министрлер кабинетінің басшысы.