Қымбат көлік заңнан жоғары ма?

Самал Асқар 01 сәу. 2026 17:49

Қазақстанда жол-көлік апаттарынан болатын өлімге қатысты жауапкершілік күшейтілуі тиіс, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы депутат Мұрат Әбенов мәжілісте сөз қозғады.

«Адам өлтіру – бұл жай жағдай емес, оның артында психология жатыр. Көбіне қымбат көлік мінген, өзін бәрінен жоғары қоятын адамдар заңнан қорықпайды. Қоғамды менсінбейді. Өздерін адам өлтіруге лицензия алғандай ұстайды», – деді ол.

Депутаттың айтуынша, мұндай жағдайларды қарапайым заңбұзушылықтармен теңестіруге болмайды.

«Біз заңбұзушылықтарды бөліп қарауымыз керек. 200 км жылдамдықпен жүргендерге бөлек жаза болуы тиіс. Ал 20–30 км асырып кеткен қарапайым жүргізушілермен бірдей қарау дұрыс емес. Қарапайым адамдарға айыппұлды көтере беру әділетсіз», – деді ол.

Сонымен қатар ол жол апатынан болған өлімнің құқықтық бағасына да тоқталды.

«Бізде мұндай жағдайлар көбіне “байқаусызда жасалған қылмыс” деп бағаланады. Ал шетелде бұл қасақана қылмыс ретінде қаралады. Мысалы, Германияда мұндай үшін өмір бойына дейін жаза беріледі. Ал бізде көбіне 4–5 жылмен шектеледі, 10 жылдан да аспайды. Бұл жеткіліксіз», – деді ол.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove