ҚазҰУ мен Қытай университеттері тәжірибе алмасуда

Dalanews 08 жел. 2023 09:52 1134

Қазақстан бүгінгі таңда сапалы білімімен көзге түскен елдердің бірі болып табылады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білімге көп көңіл бөлуде. Біз оны салынып жатқан әлемдік стандартқа сай түрлі мектептер мен жоғарғы оқу орындарынан байқаймыз.

Сондай университеттердің бірі – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. Қазақ ұлттық университеті – іргелі білім ошағы, ғылым мен мәдениеттің орталығы. Қазақ халқының заңғар перзенттері қызмет еткен, талай талантты ұл-қыздары шыққан қара шаңырақ. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – еліміздегі тарихы терең, ерекше мәртебеге ие жоғары оқу орны және QS WUR бойынша әлемнің ең үздік 200 университетінің тобына кіреді. QS WUR жаһандық рейтингінің қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 230-орынға ие болды.

Халық­аралық деңгейдегі рейтингте жоғарғы көрсеткіш үлкен жетістік. Университеттің дамуына сүбелі үлес қосып, еңбек еткен оқытушы-профессорлар құрамы, ғалымдар екенін айтып өткім келеді.Әлемнің үздік университеттерімен бір қатарға орналасқан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында ғана емес, Орталық Азия мен ТМД елдерінде өзінің көшбасшылық позициясын дәлелдеді.


Сонымен қатар, ҚазҰУ – QS Stars Rating System халықаралық рейтингінде «Бес жұлдыз» марапатын алған Орталық Азиядағы алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны. Сондай-ақ QS by Subject пәндік рейтингінде университет төрт пән саласы мен 16 дайындық бағыты бойынша үздіктер қатарына кіреді.   Сондай-ақ, ҚазҰУ қалашығының тағы бір ерекшелігі — Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы.

Мұнда Қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, көркемөнер үйірмелері, «Біз» студенттер театры бар.ҚазҰУ әлемдегі ең озық технологиялық 50 университеттің бірі.

Белгілі «GreatValueColleges» халықаралық ұйымының рейтингінде қазақстандық университет ТМД елдерінің ғана емес, сонымен қатар Шығыс және Орталық Еуропаның жалғыз өкілі болып табылады. ҚазҰУ-дың тағы бір керемет жетістігі «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы. «Керемет» кешенінде студенттер қажетті құжаттарын ресімдеуге, заңгерлер мен білікті мамандардың кеңесіне жүгінуге, қызметке орналасу үшін құжат тапсыруға, тіпті, медициналық көмек, интернет-кафе, ұшақ және теміржол кассалары, кинотеатр, шағын супермаркет секілді аса қажетті қызметтің барлық түріне қол жеткізе алады.

Қазіргі таңда ҚазҰУ Қытай университеттерімен тығыз байланыста. ҚазҰУ мен Қытай университеттері арасында белсенді академиялық келісім бар. 2019-2023 оқу жылында ҚазҰУ-дың 79 студенті (докторантура, магистратура, бакалавриат бағдарламалары бойынша) ғылыми тағылымдамадан өтті және Қытай университеттеріндегі жазғы мектептерге қатысты. Сондай-ақ 37 оқытушы білімдерін жетілдіру мақсатында ҚХР университеттерінде ғылыми конференцияларға қатысып, тәжірибе алмасты. Бүгінде ҚазҰУ-да 409 қытайлық студент білім алуда, оның 94-і мемлекеттік білім грантында, 315-і келісімшарт бойынша. ҚазҰУ-да қытайтану кафедрасы жұмыс істейді, ол 3 деңгейлік жүйе бойынша: бакалавр, магистратура, докторантура (PhD) бойынша қытайтану мамандарын дайындайды. Университетте бүгінге дейін Қытайтану кафедрасы мен Конфуций инстуты табысты жұмыс істеп келеді. ҚазҰУ Қытай университеттерімен серіктестікте екі орталық ашты: Бейжің шет тілдер университетінде Қазақстан орталығы және Шанхай университетінде «Қазақстан орталығы». Бұл орталықтардың негізгі ғылыми қызметі серіктестермен бірлесе отырып, қазақ тілін үйренуге арналған оқу-әдістемелік материалды құрастыруға және ҚазҰУ-да дайындалған оқулықтарды Қытайда қайта басуға бағытталған. жуырда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалы ашылды. Аталған филиалдан техникалық бағыттағы білікті мамандар даярланады. Сонымен қатар оқу ордасында «Бір белдеу – бір жол» бастамасының 10 жылдығына орай Орталық Азия – Қытай жоғары білім ынтымақтастық форумы өткен болатын. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қытайдың 50-ден астам жоғары оқу орнымен байланыс орнатқан.

Қара шаңырақта лайықты дәрежеде білім алуға тырысатын әр студент үшін керемет мүмкіндіктер жасалған.Ел ертеңі-білімді ұрпақ екенін ескерсек, өзімізге берілген барлық мүмкіндікті толық пайдаланып, еліміздің жарқын болашағы үшін қызмет атқару бізге ата-бабадан қалған мұра екенін жадымызда ұстау керек. Осы міндетті абыроймен алып жүру, жастар үшін басты мақсат деп есептеймін. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – әр қазақ үшін аяулы мекен. Мұнда талай жақсылардың ізі қалған, талай қазақ білім алған, талай адам арманымен кездескен, мақсатына жеткен. ҚазҰУ-ды  еліміздің барлық жоғарғы білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады.

 

Ли Фан

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының докранты

Ғылыми жетекшісі:Қалымбек Бақытжан

 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының з.ғ.к.,қауымдастырылған профессоры

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар