“Алматы халқы автобуста тегін жүруі керек” - белгілі кәсіпкер Максим Барышев пікір білдірді

Көркем Алдабергенова 17 қаз. 2025 15:22

Кәсіпкер Максим Барышевтің сөзінше, алматылықтарға тегін жол жүруді ұйымдастыруға толық мүмкіндік бар еді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматыда биыл қоғамдық көлік парктерін субсидиялауға 100 миллиард теңге бөлінген. Бұл шамамен әр қала тұрғынына шаққанда 50 мың теңгеден келеді. Мұндай қаражатқа алматылықтардың барлығына тегін жол жүруді ұйымдастыруға болатын еді. Бұл туралы кәсіпкер Максим Барышев мәлімдеді.

"2500 автобустың шығындары алдын ала есептелетін мөлшерде. Оның ішінде жүргізушілердің еңбекақысы, техникалық тозу және жанармайға кететін шығындар бар. Әр автобусқа айына шамамен 3 миллион теңге жеткілікті. Осылай есептегенде, алматылықтарға тегін жол жүруді қамтамасыз ету үшін бюджеттен бар болғаны 90 миллиард теңге қажет болар еді", – деді Барышев.

Кәсіпкердің айтуынша, бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуына қоғам мен билік тарапынан нақты бақылау орнату қажет.

Еске сала кетсек, бұған дейін Олжас Байділдинов тасымалдаушылар шығынмен жұмыс істеп жатқанын айтып, автобус билеті кем дегенде 500 теңге болуы тиіс деген пікір білдірген еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар