Елімізде есірткіге қарсы күрес шараларын күшейту мәселесі талқыланды

Ақтоты Жапатова 17 қаз. 2025 15:39

Кеше Жастар саясаты кеңесінің отырысы өтті. Басқосуда 2026–2028 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар жобасы талқыланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кеңес мүшесі әрі «Дала Қырандары» қозғалысының координаторы Мейірболат Тойтов жастар арасындағы есірткіге қарсы күресті күшейту жөнінде бірқатар нақты ұсыныстарын айтты. Оның ішінде жастарды салауатты өмір салтына баулу, есірткіге қарсы ақпараттық-ағарту шараларын кеңейту және интернет арқылы таратылатын есірткі жарнамасына тосқауыл қою мәселелері көтерілді.

Жастар саясаты кеңесі өкілдерінің айтуынша, қабылданатын кешенді жоспар жастардың бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау, спорттық және мәдени жобаларды дамыту арқылы нашақорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелеуге мүмкіндік береді.

«Дала Қырандары» қозғалысы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және есірткіге қарсы қоғамдық иммунитет қалыптастыру бағытындағы жұмыстарын жалғастырады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар