Зорлап, өзенге батырып өлтірген: Атырау облысында өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

Асель Қайратқызы 17 қаз. 2025 15:03

Атырау облысында сот жергілікті тұрғынға қатысты балаға зорлық жасап, қасақана өлтірді деп айыпталған қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды  Dalanews.kz.соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыс 2025 жылдың маусым айында Құлсары қаласында жасалған. Соттың анықтауынша, 7 жастағы қыз бала Курсай өзенінің жағасында серуендеп жүріп, үйіне қайтар жолда адасып кеткен. Сол сәтте ол мас күйінде жүрген жергілікті тұрғынға тап болады. Бөгде адам қызды алдап, үйіңе апарамын деп сендіріп, өзімен бірге жүруге көндірген.

«Ол қыз баланы алдап, өзен жағасына ертіп барған. Сол жерде оның дәрменсіз күйін пайдаланып, күш қолданып зорлаған. Жасалған қылмысты жасыру мақсатында, айыпталушы баланы ұрып- соғып, кейін өзенге батырып жіберген»,- деп хабарлады сотта.

Айыпталушының кінәсі куәгерлердің көрсетулерімен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен, бейнежазбалармен және сараптама қорытындыларымен толық дәлелденді. Атап айтқанда, бейнежазбалардың бірінде айыпталушының баланы ертіп бара жатқаны анық көрінеді.

Сот оны кінәлі деп танып, өмір бойы бас бостандығынан айырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар