ҚазҰУ ғалымдары ядролық әрекеттесуді сараптайтын бағдарлама дайындады

Dalanews 30 қар. 2016 03:44 894

Қазақстан ғалымдары заттардың ядролық әрекеттесуін сараптайтын арнайы бағдарлама кешенін дайындады. Аталған бағдарламаның көмегімен ғалымдар өздеріне қажетті мәліметтерді заман талабына сай өңдеп, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуына болады, – деп хабарлайды «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.

Осы бір маңызды жұмыспен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Тәжірибелік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты ғалымдары айналысты. Ал ғылыми жұмысқа физика және математика ғылымдарының кандидаты Б.О. Құрманғалиева жетекшілік жасағанын айта кетуіміз керек.

Жаңа бағдарламалар кешінін ғалымдар, арнайы мамандар, ізденуші студент жастар ғылыми-зерттеу жұмыстарына еркін пайдалана алады. Ескертетін бір жайт, бағдарлама МАГАТЭ бақылау жасайтын әлемдік мәліметтер қорына қосылған. Қазіргі таңда кешенді бағдарламалар қоры жаңа мәліметтермен толғып келеді. Жапондық мамандар дайындаған HENDEL жүйесіне де бейімделгенімен ерекшеленеді.

Қазірше Қазақстан халықаралық мәліметтер қорына бақылаушы ретінде қатысуда. Болашақта еліміз оның толыққанды мүшесі болмақшы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар