5 сәуірде ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, сондай-ақ Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев Арал теңізінің құрғаған табанына сексеуіл көшеттерін отырғызу шарасына қатысты.
Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді көгалдандыру жөніндегі экологиялық бастамасын қолдау мақсатында іске асырылып отыр.

ҚМГ құрғаған Арал түбінде 15 мың гектар алқапқа 4 миллионнан астам сексеуіл көшетін отырғызу бойынша міндеттеме алды. Осылайша, компанияның жасыл экономиканың дамуына және табиғатты болашақ ұрпақ үшін қорғап қалуға қосқан үлесін арттырамыз. Сондай-ақ бұл — тұрақты даму қағидаттарын берік ұстанатынымыздың іс жүзіндегі көрінісі», — деді Мағзұм Мырзағалиев.

Осылайша, ҚазМұнайГаз еліміздің экономикалық дамуына үлес қосып қана қоймай, әлеуметтік салаға және экологиялық жобаларға көрсеткен қолдауын арттырып отыр.
Сексеуілдің басқа өсімдіктерден ерекшелігін айтсақ, бір түп сексеуіл төрт мың тонна құм көшінен сақтай алады. Жеті жылдан кейін 15 мың гектар жерге егілген сексеуіл ағаштары 15 мың тонна тұз, шаң мен құмның ауаға тарауын тоқтатып, ұстап қалатын болады.

Сексеуіл ағаштарының аймақтағы мал шаруашылығына да пайдасы бар. Себебі сексеуіл өскіндері мал-жануарға азық бола алады.
Жобаны ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» іске асыратын болады.
