Еркебұлан Тоқтар жол апатына түсті

Еркебұлан Тоқтар жол апатына түсті
әлеуметтік желіден

Танымал актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтар жол апатына түсті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Актердің желідегі парақшасында жарияланған видеоға сүйенсек, бұл оқиға кеше болған. Видео кадрынан оның мотоциклі көлікпен соқтығысқанын көруге болады. 

30 жастағы спортшының айтуынша, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Мотоцикл де айтарлықтай бүлінбеген. Тек көлікке зақым келген. Ол көлік жүргізушісіне материалдық шығынды өтегенін мәлімдеді.

Еркебұлан Тоқтар болған жағдайдан кейін жолда аса сақ болу керегін айтқан. Ол бұл жағдай өзіне сабақ болғанын да жеткізді. 

"Құдай сақтады. Алла тағала "Еркебұлан, азартына кірме" дегендей болды. "Жол апаты қалай болғанын түсінбей қаласың" деп жай көрсетті", - деді ол желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар поп-MMA турнирлерінде өнер көрсетіп танылған. Кейін кәсіпқой жекпе-жекке ауысқан. Жуырда Арменияда өткен кездесуінде ол қырғызстандық спортшы Марсель Нұрланбекұлынан төрешілер шешімімен жеңілген еді.