Солтүстік Қазақстанда құмар ойын ойнаған 9 шенеунік жұмыстан шығарылды

Солтүстік Қазақстанда құмар ойын ойнаған 9 шенеунік жұмыстан шығарылды
Фото: ЖИ

Солтүстік Қазақстан облысында құмар ойындарға әуестенген тоғыз мемлекеттік қызметкер қызметінен босатылды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, былтыр Тайынша, Ақжар және Есіл аудандары әкімдіктерінде жұмыс істеген алты қызметкер жұмыстан қуылған. Ал 2026 жылдың өзінде тағы үш мемлекеттік қызметкер қызметімен қош айтысқан.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, букмекерлік кеңселер мен казиноға тәуелділік мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелердің біріне айналып барады.

Мамандар мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойындарға қатысуы қызметтік әдеп нормаларын өрескел бұзу болып саналатынын атап өтті. Мұндай әрекет тәртіптік жазаға ғана емес, жұмыстан шығаруға да себеп болуы мүмкін.

Осы оқиғалардан кейін өңірде лудоманияның алдын алу және түсіндіру жұмыстары күшейтілген.