Бұған дейін әлеуметтік желіде "көкем зорлады" деп ашық жазып, қоғамда қызу талқыға түскен Нұрғали Нұғман енді бұл мәселеге қайта оралғысы келмейтінін мәлімдеді, деп dalanews.kz тілшісі kznews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, басынан өткен ауыр жағдайды көпшілікке айту оңай болмаған. Нұрғали бұл тақырыпты қозғау арқылы ұзақ уақыт бойы іште жиналған ауыр сезімнен арылғысы келгенін жеткізді.
"Мен енді жан жарамды қайта қозғап, өткенді қайта ақтарғым келмейді. Өткен дүние өтті", – деп жазды ол.
Еске салсақ, Нұрғали Нұғман бұған дейін жақын адамынан зорлық көргенін айтып, оқиғаның "Балапан" телеарнасында жұмыс істеген кезеңде болғанын мәлімдеген еді. Кейін ол бұл сөздері арна ұжымына қатысты қате түсінік қалыптастырғанын айтып, кешірім сұрады.