Қазақстанда жұмыс істейтін азаматтардың шамамен 40 пайызы зейнетақы жарнасын төлемейді, деп хабарлайды dalanews.kz.
2026 жылғы бірінші тоқсанда 15 жастан асқан халық арасындағы жұмыспен қамту деңгейі 64,1 пайыз, ал жұмыс күшіне шаққандағы көрсеткіш 95,5 пайыз болған. Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша жұмыссыздық деңгейі - 4,5 пайыз.
Елде түрлі салада 9,4 миллион адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 7,3 миллионы жалдамалы қызметкер болса, 2,1 миллионы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына кіреді.
Міндетті зейнетақы жарнасы негізінде ресми тіркелген жұмыспен қамтылғандар саны 5,559 миллион адам болған. Ал қалған 3,8 миллион азамат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жарна аудармайды. Мамандар мұны көлеңкелі еңбек нарығымен байланыстырып отыр.