«Қазмұнайгаз Инвест» қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды

Көркем Алдабергенова 22 қаң. 2026 18:04

Шымкент қаласының ауданаралық қылмыстық соты «Қазмұнайгаз Инвест» жобасын іске қосқан үш әйелге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот материалдарына сәйкес, олар 2024 жылдың қараша айында «Казмунайгаз Инвест» атты жобаны іске қосып, азаматтардан жоғары дивиденд уәде ете отырып ақша жинаған. Жобаның жалғыз қызметі халықтан қаражат тарту болған.

Айыпталушылар өздерін ұлттық компания «ҚазМұнайГаздың» атынан биржаларға инвестиция саламыз деп таныстырған.

Тергеу дерегінше, қаржы пирамидасы 2025 жылдың наурызына дейін жұмыс істеп, сенген азаматтардан шамамен 600 млн теңге жинаған.

Жиналған қаражатқа сотталушылар:

BMW X5 автокөлігін,

TANK 500 жол талғамайтын көлігін, тойхана, жалпы құны 438 млн теңге болатын коттедж сатып алып, мүлікті үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген.

Сот процесі барысында тергеу органдары келтірілген шығын көлемін екі есеге азайтқаны белгілі болды. Нақты залал мөлшері 1,5 млрд теңгеден асып кеткен.

Сонымен қатар көптеген салымшылар жәбірленушілер тізіміне енгізілмегені анықталды.

Сотта барлық айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы
(аса ірі мөлшерде қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және оған басшылық жасау) бойынша кінәсін толық мойындады.

Сот үкімімен:

айыпталушылар 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылды;

барлық мүлкі тәркіленді.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove