Қазақтың “Қожасы” Нұрлан Сегізбаев дүние салды

Көркем Алдабергенова 27 жел. 2025 00:15

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер,  сценарист, кинодраматург Нұрлан Санжарұлы Сегізбаев өмірден өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақпаратты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі растады. 

Нұрлан Санжарұлы – қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Ол өз ғұмырын шығармашылыққа, ұлттық руханиятқа арнап, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды. Өнерсүйер жұртшылыққа әлі күнге құндылығын жоймай келе жатқан Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлімен танымал өнер иесі қазақ кино өнеріндегі дара тұлға болды. Оның экранда жасаған көркем бейнелері отандық өнер тарихында айрықша орын алады.

"Нұрлан Санжарұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болғай", - деді министрлік өкілдері.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар