ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ немен мақтанарын білмей жатыр

Dalanews 25 сәу. 2024 11:00 3736

"Қазақтелеком" АҚ 2023 жылдың аудиттелген қаржылық есебін шығарып, манипулятивті пресс-релиз жариялады.
Релизде "топтың табысы 2023 жылы 53,3 млрд теңгеге ұлғайып, 687,8 млрд теңгені құрады (2022 жылдың қорытындысы бойынша 634,5 млрд теңге). Өсім тіркелген байланыс сегментінде де, ұялы байланыс сегментінде де кірістің өсуі есебінен қамтамасыз етілді. EBITDA көрсеткіші 4,3% жақсарып, оның кірістілігі 43,3% құрады. 2023 жылғы таза пайда 104,4 млрд теңгеге жетті", - деп жазылған.
Бірақ релиз тек выручка мен EBITDA туралы айтып, басқа негізгі көрсеткіштер туралы ләм-мим демейді. Выручканың тарифтың қымбаттауы есебінен өскені белгілі. Ол 8,4 пайызға артса, 2023 жылы инфляция 8,9% болды. Жалпы кірістің өсу динамикасы сонда инфляциядан да артта қалып қойған.

Шын мәнінде Қазақтелеком тиімділігі нашарлап барады. 2022 жылы ұлттық компания 128,75 млрд теңге таза пайда алса, 2023 жылы 104,4 млрд теңге көрсетті. Минус 24 миллиард. Жәй акциясының баланстық құны 35 752 теңгеден 28 860 теңгеге құлдырады. Активтер, жеке капитал, выручка тиімділігі көрсеткіштері (ROA, ROE, ROS) жаппай құлаған.

2022 жылы ROA - 10,01%, ROE - 17,62%, ROS - 20,29% болған еді. 2023 жылы Қазақтелеком көңіл көншітерлік нәтиже көрсетпеген. ROA - 7,04%, ROE - 12,99%, ROS - 15,18% деңгейіне түсіп кеткен.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар