Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді: 30 мамырға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді: 30 мамырға арналған ауа райы болжамы
pixabay.com

«Қазгидромет» 30 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, бірқатар өңірде жаңбыр мен найзағай күтіледі, деп хабарлайды dalanews.kz.

Елордада күн құбылмалы болып, жауын-шашынсыз өтеді. Ауа температурасы күндіз +30...+32 градусқа дейін ысиды. Алматыда да жауын-шашын болмайды, күндіз +29...+31 градус жылы болады. Шымкентте ауа температурасы +34 градусқа дейін көтеріледі.

Батыс өңірлерде ауа райы тұрақсыз болады. Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Петропавл және Орал қалаларында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қызылорда, Түркістан, Тараз және Қонаев қалаларында аптап ыстық сақталады. Қызылордада күндіз ауа температурасы +37 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Ал Ақтауда желдің екпіні 18 м/с-қа дейін күшейеді. Өскемен мен Қонаевта да екпінді жел күтіледі.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының құбылуына байланысты сақтық шараларын ұстануға кеңес берді.