Қазақстанның алтын-валюта резервтері 2024 жылмен салыстырғанда 42,8%-ға өсіп, 65,4 млрд долларға жетті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мамандардың мәліметінше, халықаралық резервтердің айтарлықтай ұлғаюына инвестициялық табыс пен алтынмен жүргізілген операциялар әсер еткен.
2025 жыл Қазақстан үшін алтын сатып алу бойынша ең белсенді кезеңдердің бірі болды. Осы уақыт ішінде Қазақстан Ұлттық банкі алтын қорын шамамен 57 тоннаға арттырған.
Ал Дүниежүзілік алтын кеңесінің (World Gold Council) дерегіне сәйкес, Қазақстан 2025 жылы орталық банктер арасындағы алтын сатып алу көлемі бойынша әлемде екінші орынға шықты. Бұл көрсеткіш бойынша ел тек Польшадан ғана қалып қойған.
Сарапшылардың айтуынша, алтын қорының артуы елдің қаржылық тұрақтылығын нығайтып, сыртқы экономикалық тәуекелдерге төтеп беру мүмкіндігін күшейтеді.