Қазақстанның қай қалаларында халық саны азайып жатыр?

Қаракөз Амантай 20 мам. 2025 18:00

2025 жылы сәуір айының басындағы мәліметі бойынша, еліміздегі республикалық және облыстық маңызы бар 41 қаланың 20-сында соңғы 12 айда халық саны азайған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бірінші кредиттік бюроның аналитикалық орталығы халық саны ең көп азайған қалаларды атады:

Қонаев8,2%-ға, 66 мың адамға дейін;

Семей5,1%-ға, 314 мың адамға дейін;

Байқоңыр3,6%-ға, 32,4 мың адамға дейін.

1 пайыздан астам халық азайған қалалар: Арқалық, Курчатов, Приозёрск, Степногорск, Риддер, Арыс, Шахтинск, Текелі.

Сарапшылардың айтуынша, Семей мен Байқоңырда соңғы жылдары халық санының азаю үрдісі байқалады. Ал Қонаев қаласында халық саны 2022 жылдың ортасында облыс орталығы мәртебесін алғанға дейінгі деңгейіне қайта оралып жатқан сияқты.

Халық саны айтарлықтай өскен қалалар:

Қосшы+8,3%

Астана+6,9%

Түркістан+4,4%

Ақтау+4,3%

Алматы мен Шымкент – әрқайсысы +2,7%

Елдегі ең ірі қала – Алматы, мұнда ресми түрде 2,3 миллион адам тұрады. Одан кейінгі орында Астана (1,55 млн) және Шымкент (1,26 млн).


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар