Қазақстанның бұрынғы кеден қызметкері Испаниядан экстрадицияланды

Сағыныш Сардарова 24 қаң. 2026 11:02

Лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану бойынша күдікке ілінген Қазақстан азаматы Испаниядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері Қазақстанның Испания корольдігіндегі елшілігінің қолдауымен Барселона қаласынан лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану және қызметтік жалғандық жасау дерегі бойынша күдікке ілінген қазақстандықты экстрадициялады.

"Ол 2020 жылы кеден органдарының қызметкері бола отырып, дерекқорға жалған мәлімет енгізу арқылы 8 көліктің иелерін бюджетке төленуге тиіс кедендік баждардан заңсыз босатқан деген күдікке ілініп отыр", - деп жазылған хабарламада.

Келтірілген залалдың жалпы сомасы 45 миллион теңгеден асады.

Күдікті үш жылдан аса уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеуде болған, кейін Испания аумағында ұсталды.

"Қазір күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove