8 желтоқсан күні Қазақстанның бірқатар қалаларында ауа райы құбылмалы болып, желдің екпіні күшейеді. Синоптиктердің болжамынша, республика бойынша температура негізінен 0°C маңайында сақталып, кей өңірлерде минус 7–8 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Dalanews.kz
Ақтау мен Ақтөбе
Маңғыстау облысында күндізгі температура 0…+2°C шамасында болады. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с.
Ақтөбеде 0…–2°C, жел 5–10 м/с.
Алматы мен Астана
Алматыда күн жылырақ – +3…+5°C, жел баяу, 3–8 м/с.
Астанада аяз сақталады: –3…–5°C, жел күшейіп 9–14 м/с-қа дейін жетеді.
Атырау, Орал
Атырауда +1…+3°C, жел 1–6 м/с.
Орал қаласында 0…+2°C, жел 7–12 м/с.
Жезқазған, Қарағанды
Жезқазғанда –2…–4°C, жел 9–14 м/с.
Қарағандыда да дәл осындай ауа райы күтіледі – 0…–2°C, жел 9–14 м/с.
Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Семей, Өскемен
Солтүстік пен шығыс өңірлерде аяз күшейеді.
Көкшетауда –6…–8°C, жел 5–10 м/с.
Қостанайда –5…–7°C, жел 9–14 м/с.
Павлодарда 0…–2°C, жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін барады.
Семей мен Өскеменде 0…–2°C, жел 5–10 м/с.
Оңтүстік өңірлер — Тараз, Түркістан, Шымкент
Таразда +3…+5°C, жел 9–14 м/с.
Түркістанда +1…+3°C, күндіз жел күшейіп 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Шымкентте ауа температурасы +8…+10°C, жел 8–13 м/с.
Талдықорған, Қонаев
Талдықорғанда +6…+8°C, жел 3–8 м/с.
Қонаевта +3…+5°C, жел 9–14 м/с.
Синоптиктер желдің екпіні жоғары өңір тұрғындарына сақ болуды ескертеді.
