Астанада жаз басталғалы бергі қатты ыстық күндердің бірі болады

Астанада жаз басталғалы бергі қатты ыстық күндердің бірі болады
ашық дереккөз

Астанада жаз басталғалы бергі қатты ыстық күндердің бірі болады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Синоптиктер елордада ауа температурасы 37, тіпті 39 градусқа дейін көтеріледі деп болжап отыр.

1tv.kz мәліметінше, бұған пара-пар көрсеткіш, яғни 39,5 градус осыдан 91 жыл бұрын 13 шілдеде тіркелген. Одан соң бас қалада шілдедегі шіліңгір әрі кетсе 35 градусқа қана жеткен.

Дегенмен өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Мамандар тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес берді.