Жайдарманшы әрі актер Нұркен Иманқұлов шаңырақ көтергенін әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Өнер иесі үйлену тойынан кадрлар жариялап, қуанышты сәтін бөліскен.
Әлеуметтік желі қолданушылары актердің жары өзінен 17 жас кіші екенін жарыса жазған. Сонымен қатар пікірлерде бұл Нұркен Иманқұловтың екінші некесі болуы мүмкін деген ақпарат та айтылған.
Нүркен Иманқұлов көпшілікке Жайдарман жобалары мен түрлі кинотуындылардағы рөлдері арқылы таныс.