170 мың теңге пара аламын деп 5,5 миллион теңге айыппұл арқалаған: Ақтөбеде көлік инспекторы сотталды

170 мың теңге пара аламын деп 5,5 миллион теңге айыппұл арқалаған: Ақтөбеде көлік инспекторы сотталды
ЖИ/otyrar.kz

Ақтөбеде көлік инспекторы сотталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бас көлік прокуратурасы мәліметінше, Ақтөбе облысы бойынша Көлік бақылау инспекциясы қызметкері көлік кедергісіз өтуіне көмектескені үшін тасымалдаушыдан бірнеше рет пара алған. Оның жалпы сомасы 170 мың теңге болған.

Сот қызметкерді кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салып, 5,5 млн теңге көлемінде айыппұл салды.

Үкім заңды күшіне енді.