Жол үстіндегі жүгенсіздік: Түркістан облысында күдіктілер қамауға алынды

Жол үстіндегі жүгенсіздік: Түркістан облысында күдіктілер қамауға алынды
видео кадры

Түркістан облысында жолдағы бұзақылық бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде нөмірі жоқ бес көлік ауыр жүк көлігін қуып, жүргізушіні тоқтауға, қауіпті маневр жасауға мәжбүрлеп, жолын бөгегені туралы ақпарат тараған болатын.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді. Жедел іс-шаралар нәтижесінде оқиғаға қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталған. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы, көлікке зақым келтіру, жолаушылардың біріне дене жарақатын салу дерегі анықталып жатыр.