Қырғызстанда 2027 жылғы президент сайлауына қатысуға ниет білдірген алғашқы үміткер белгілі болды. Кәсіпкер Аймен Қасенов Орталық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну тәртібімен өтініш тапсырды.
Қырғызстан ОСК-сының мәліметінше, Қасенов құжаттарын 14 қазанда өткізген. Президенттікке кандидаттарды ұсыну мерзімі 2026 жылғы 13 қарашаға дейін жалғасады.
Аймен Қасенов кім?
Аймен Қасеновтің бизнес саласында шамамен 25 жылдық тәжірибесі бар. Ол бұған дейін «Газпромнефть-Қазақстан» компаниясының бас директоры, Ресей-Қырғыз даму қоры басқармасының мүшесі және Бішкек қаласы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.
Бұл оның президенттік сайлауға алғаш рет қатысуы емес. Қасенов 2021 жылғы сайлауда да кандидат болған.
Сайлау қашан өтеді?
Қырғызстан президентінің кезекті сайлауы 2027 жылғы 27 қаңтарға белгіленген. Бұл күн Жогорку Кенештің 2026 жылғы 24 қыркүйектегі қаулысымен бекітілген.
Қазіргі президент Садыр Жапаров та бұған дейін келесі сайлауға қатысу ниеті бар екенін мәлімдеген. Сонымен қатар бірнеше қырғызстандық саясаткер президенттікке түсу жоспары туралы айтқан, алайда кандидат ретінде ресми тіркелу үшін ОСК белгілеген рәсімдерден өту қажет.