Семейде балконда тұрған газ баллоны тұтанып кеткен

Семейде балконда тұрған газ баллоны тұтанып кеткен
видео кадры

Құтқарушылар Абай облысында көпқабатты үйдегі өртті сөндірді, деп хабарлайды dalanews.kz.

112 пультіне Семей қаласы Қарағайлы шағынауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің балконында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткенде, бірінші қабаттағы балконда макулатура, жиһаз жанып жатқаны анықталған.

Жоғары температура салдарынан балконда тұрған бос газ баллонындағы газ тұтанған. Соның салдарынан терезе әйнегі зақымданған. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.