Қазақстанда 45 градусқа дейін аптап ыстық болады

Қазақстанда 45 градусқа дейін аптап ыстық болады
ашық дереккөз

Қазақстанда 45 градусқа дейін аптап ыстық болады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазгидрометтің болжамына сүйенсек, бүгін-ертең елдің басым бөлігінде ауа температурасы 35 градустан асса, оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде сынап бағаны 45 градусқа дейін көтеріледі.

Синоптиктер ауа райы лезде құбылатынын да ескертті. Кейбір өңірлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жаууы да мүмкін.