Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 желтоқсанға дейін елдің барлық өңірінде әлеуметтік төлемдерді біріздендіру мәселесін қарастырады. Мұндай тапсырманы премьер-министр Олжас Бектенов берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, Еңбек министрлігіне 1 желтоқсанға дейін барлық өңірлер үшін әлеуметтік қолдаудың бірыңғай стандартын әзірлеу қажет. Күмәнді әрі тиімсіз әлеуметтік жеңілдіктер мен төлемдерді жоюымыз керек. Біз әлеуметтік әділеттілікті сақтаймыз және масылдық психологиясына қарсы шаралар қабылдаймыз", – деді ол Үкімет отырысында.
Бектеновтың айтуынша, Үкіметтің міндеті – баршаға тең мүмкіндік жасау, ал азаматтар жұмыс істеуге, өзін және отбасын қамтамасыз етуге ұмтылуы тиіс.
Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы уязвим топтар үшін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін барлық өңірлерде біріздендіруді тапсырған болатын. Оның сөзінше, мемлекеттің «көрегенсіз әрі ымырашыл әлеуметтік саясаты» жүзден астам түрлі жеңілдіктің пайда болуына алып келген.