Қазақстаннан Өзбекстанға бензин заңсыз құбыр арқылы тасымалданған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында АИ-92 маркалы бензинді тасымалдау үшін пайдаланылған жер асты құбыры анықталды.
Өзбекстанның 28 және 39 жастағы екі азаматы Қазақстан Республикасының азаматының қатысуымен келісімге келіп, Қазақстан аумағынан Өзбекстанға АИ-92 маркалы бензинді заңсыз тасымалдау және оны сатумен айналысқан.
Өз әрекеттерін жүзеге асыру үшін құқық бұзушылар Түркістан облысының Сарыағаш ауданы мен Ташкент облысының Қыбрай ауданы аумағын жалғап тұратын ұзындығы шамамен 300 метр болатын жер асты құбырының ішіне шланг төсеген.
Қазіргі уақытта аталған тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.