Қазақстанға Путиннің «двойнигі» келе жатыр...

Dalanews 29 там. 2023 04:24 1182

Кремль көсемінің Уалдайдағы резиденциясына жете бере опат болған Приғожиннің өлімі Путиннің Қазақстан сапарына аз-кем өзгеріс енгізді, – деп хабарлайды Dala Inside арнасы.

Белгілі болғандай әуелде Астанаға ВВП-ның «original» нұсқасы яғни, нақ өзі келеді деп күтілген. Атажауының көзін жойған Шойгу мен Герасимовтың сәтті операциясынан кейін онсыз да ұшаққа отырудан өлердей қорқатын Путиннің параноясы тіпті асқына түскен.

«Уагнер» жетекшісінің өлімі «қасапшылардың» Кремльге деген сеніміне сызат түсірген. Приғожиннің соңында күні кеше «на Москву» деп ұрандатқан 10 мың әскер қалды. Путинге тісін қайрап жүрген «уагнерлерліктер» Кремль көсемі мінген ұшақты қағып түсіруі ғажап емес.

Осы себепті Қазақстанға Владимир Владимировиштің «егізін» жіберу туралы шешім қабылданған. Оның дублері бар екенін Путиннің ежелгі дұшпандары қаржыландыратын телеграм арналар талайдан бері айтып келеді.

Мәселен түнеукүнгі БРИКС саммитінде Ресей президентінің сыңары сөз сөйлеген. Оған жүктелген міндет ауыр емес еді. Иегінің астындағы бір жарым беттік мәтінді судыратып оқып шықса жеткілікті.


Шараның 55 минутында президенттің образын сомдап отырған «двойник» келесідей конфузға ұшырайды: уақытқа қарамақ боп, сол қолына үңіледі. Бірақ сағаты жоқ. Бірнеше секунд дағдарып тұрып қалғанын кеш аңғарады.

Сол кезде ғана original Путинннің сағатты үнемі оң қолына тағатыны есіне түседі. Шараның соңына таман оң қолындағы сағатты сол қолына ауыстырғысы келген дублер наушниктің арғы жағындағы кураторынан сөз естіп, сағатты қолымен көлегейлеуге мәжбүр болады.

Original Путин сағаттың қай қолында екенін ойланып жатпас еді. Біз білетін Путин соңғы 20 жыл бойына сағатты тек оң қолына тағып келеді.

БРИКС саммитінен бөлек Курскі шайқасының 80 жылдығында тағы сол дублер сөз сөйлеген. Original Путин көпшілік жерге барудан қаймығады.

Оның Қазақстанға пойызбен келуді де ғажап емес.

Бұл ретте "Досье" орталығының ақпаратын ақтарған DALA INSIDE келесідей қызықты дерек тапты. Украинаға тап бергелі Путин ұшаққа отыруды қойыпты. Өзіне арнап оқ өтпейтін бірнеше беренді уагон жасатқан. Уалдайдағы резиденциясына тек сонымен қатынайтын көрінеді. Пойызға тек президент Путин пен премьер Мишустин ғана кіре алады. Аракідік бұл жерге соңғы кезде араққа салынып жүрген Медведев те бас сұғып тұрады екен.


Ал Мәскеу мен Астананың арасы үш күн. Мұндай мерзімге жасы жетпістен асып кеткен Владимир Владимировиштің жүрегі шыдамауы мүмкін. Ең тиімдісі «егізін» жіберу. Путиннің Қазақстан сапары күзге жоспарланған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар