Қазақстандықтарды алдаған алаяқтар Одессада ұсталды

Қазақстандықтарды алдаған алаяқтар Одессада ұсталды
ЖИ: Dalanews

Қазақстан азаматтарын алдаған күдіктілер Украинада қолға түсті. Бұл туралы ІІМ Қазақстан мен Украина ұлттық полициясы бірлесіп жүргізген арнайы операция нәтижесін жариялап мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ведомство мәліметінше, полицейлер Одесса қаласында алаяқтықпен айналысқан call-орталықты анықтаған. Алдын ала дерек бойынша, қаскөйлердің әрекетінен 120-дан астам адам зардап шеккен. Келтірілген шығын көлемі 85 миллион теңгеден асқан.

Тергеу мәліметіне сәйкес, күдіктілер өздерін байланыс операторларының қызметкерлері, банк мамандары және мемлекеттік органдар өкілдері ретінде таныстырып отырған.

Арнайы операция барысында Украинаның тоғыз азаматы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тінту кезінде екі автокөлік, 26 компьютер, 49 ұялы телефон, психологиялық ықпал ету тәсілдері жазылған материалдар мен Қазақстан символикасы тәркіленген.

Қазір аталған факті бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.