Қазақстандық фактчекинг халықаралық ұйымның назарына ілікті

Қазақстандық фактчекинг халықаралық ұйымның назарына ілікті

Халықаралық фактчекинг қауымдастығы GFCN (Global Fact-Checking Network) Қазақстандағы 15 миллион азаматтың жеке деректері тарады деген ақпаратқа қатысты зерттеу материалын жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Халықаралық ұйымның жарияланымына қазақстандық NoFake.kz платформасының сараптамалық талдауы негіз болған. Онда ауқымды деректердің таралуы туралы хабарламалардың қалай пайда болатыны, олардың қандай жолдармен кең таралатыны және мұндай ақпаратқа бұқаралық ақпарат құралдарының қалай қарауы керектігі жан-жақты түсіндірілген.

GFCN материалында цифрлық кеңістіктегі жалған ақпараттың таралу механизмдері талданып, қоғамда резонанс тудыратын ақпараттарды жариялау кезінде деректерді мұқият тексерудің маңыздылығы атап өтілген.

Сарапшылардың пікірінше, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарайтын мұндай мәліметтер азаматтардың алаңдаушылығын күшейтіп қана қоймай, ақпараттық кеңістікте сенім дағдарысын туындатуы мүмкін. Сондықтан фактчекинг құралдары мен тәуелсіз тексеру алаңдарының рөлі артып келеді.