Қазақстандықтарға деректері тарап кеткені туралы хабарлама келетін болады

Көркем Алдабергенова 20 сәу. 2026 15:13

Қазақстанда киберқауіптердің күшеюіне байланысты жеке деректерді қорғау шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссия отырысында вице-премьер, цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев мәлімдеді.

Жаңа талаптарға сәйкес, деректермен жұмыс істеу ережелері қатаңдайды. Ақпаратты сақтау мерзімі мен өңдеу тәртібі нақты белгіленген. Сонымен қатар eGov Mobile қосымшасында жеке деректерді пайдалануға берілген келісімді қайтарып алу мүмкіндігі пайда болды. Қазір тиісті заңға өзгерістер әзірленіп жатыр.

Жаслан Мадиевтің айтуынша, дербес деректер операторларының тізілімі құрылып, азаматтарды деректердің таралуы туралы міндетті түрде хабарлау нормасы енгізіледі. Бұдан бөлек, деректердің жаппай таралуына жол бергендерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылады.

 
 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove