Қазақстандықтар елдің Мемлекеттік рәміздері туралы жоғары білім деңгейін көрсетті

Dalanews 08 мау. 2020 09:54 225

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Зор Рух» қайырымдылық қоры Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, «Отбасы институты» жобасы аясында жастар мен балалар арасында онлайн іс-шаралар өткізді.




Мысалы, әлемнің түрлі елдерінің тулары мен мемлекеттік рәміздер туралы білім деңгейін анықтау үшін онлайн-викторина ұйымдастырылды. Сонымен қатар балалар мен жастар арасында «Рәміздер - менің мақтанышым» тақырыбында сурет байқауы өтті.

Викторинаға 283 қазақстандық қатысты. Қатысушылар онлайн режимде (сілтемеге өтіп) еліміздің Мемлекеттік рәміздері туралы 7 сұраққа жауап беріп, 10 тудың қай елдерге жататынын табу керек еді. Ойын соңында қатысушылар ұпайлар саны мен сұрақтардың дұрыс жауаптарын көре алды. Қатысушылардың пікірлері бойынша викторина өте танымдық және қызықты өтті: «Сұрақтар үшін рахмет! Жалпы даму үшін, есте сақтау үшін пайдалы болды», «Рахмет! Өте қызықты болды», «Осындай тесттер көп болсын!».

Тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл 82 пайызды құрды, бұл көрсеткіш жастардың Мемлекеттік рәміздері туралы жоғары  білім деңгейін көрсетті.


Алайда, қатысушылардың көпшілігі елтаңбаның төменгі бөлігінде орналасқан және ортасында Қазақстан сөзі бар киіз үйдің элементі босаға деп аталатынын білмеген. Бұл сұраққа дұрыс жауап тек 31% берді. Викторинаның барлық 17 сұраққа 47 қатысушылар дұрыс жауап бере отырып, ең жоғары балл жинады.

Сурет сайысына 80 талантты балалар мен жасөспірімдер қатысты. Қатысушылар өз суреттерінде өздерінің Отанға деген сүйіспеншілігіне және шығармашылыұ қиялына сүйене отырып, «Рәміздер - менің мақтанышым» тақырыбын ашып көрсету керек болды.

Ата-аналардың көпшілігі осы байқау карантин кезіндегі танымдық ойын-сауық ретінде балаларға өте пайдалы болғанын атап өтті: «Алақай! Осындай сайыс үшін рахмет! балалар үлкен қызығушылықпен сурет салады», «Өте жақсы тақырып, балаларға арналған осындай іс-шаралар көп болсын», «Қызықты сайыс үшін алғыс айтамыз!», «Балалардың іші пысқан еді, конкурсқа қатысып интернеттен бастарын көтерді, сізге рахмет».

Байқау жеңімпаздарына балаларға арналған мектеп жиынтықтары және жастарға арналған пайдалы гаджеттер беріледі .

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар