Қазақстандық шенеуніктерге шетелдегі мүліктерін жасырын ұстау қиындайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) шетелдегі жылжымайтын мүлік иелері туралы деректерді автоматты түрде алмасуға арналған IPI MCAA атты жаңа жүйені іске қоспақ. Жобаға 26 мемлекет қосылды. Бұл платформада объектінің иесі, мүліктің құны, мәміле тарихы мен жалға беруден түсетін табыс сияқты мәліметтер жинақталатын болады.
Салық салу жөніндегі маман Айдар Масатбаевтың айтуынша, бұған дейін автоматты ақпарат алмасу тек банк есепшоттары мен криптоактивтерге қатысты жүргізіліп, жылжымайтын мүлік деректері ашық болмаған. Сол себепті шетелде тіркелген пәтерлер мен өзге де нысандарды офшор арқылы жасыру салыстырмалы түрде оңай еді. Енді бұл тәсіл күрделене түседі.
