Қазақстандық қыздарды қорлаған ресейлік стример жазаның орынды болғанын мойындады

Көркем Алдабергенова 02 нау. 2026 09:20

Қазақстандық қыздарға қатысты қорлайтын сөздер айтқан ресейлік стример Анар Абдуллаев Қазақстанда 15 тәулікке әкімшілік қамауда болғаннан кейін өз пікірін білдірді. Ол өзіне тағайындалған жазаны әділ деп бағалады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Абдуллаев видеоүндеуін Telegram-арнасында жариялаған. Оның айтуынша, бұл оқиға әлі күнге дейін өзіне сенгісіз болып көрінеді. Ол Ренатпен бірге «өте ауыр жолдан» өткенін айтып, екеуінің де әділ жаза алғанын мойындады. Сонымен қатар стример ешкімді әдейі қорлауды немесе қолайсыз жағдай тудыруды мақсат етпегенін жеткізді.

"Қазақтың барша халқынан тағы да кешірім сұраймын. Осындай жағдайдың орын алғанына өкініш білдіремін. Ешкімнің көңіліне тимек түгілі, ренжітуді ойлаған да жоқпын. Мен – ашық мінезді адаммын. Көрсеткен үлкен қолдауларыңыз үшін рақмет! Мен үйге оралдым", – деді ол.

 
 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove