"Қазақстандық коммуналдық жүйелер" компаниялар тобы AIX-ке облигацияларын орналастырмақ

Кәмшат Тілеухан 26 ақп. 2025 11:49 274

2025 жылы наурызда "Қазақстандық коммуналдық жүйелер" ЖШС (ҚКЖ) компаниялар тобы AIX биржасына теңге және АҚШ доллары түріне алғашқы облигацияларын орналастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қазақстандық коммуналдық жүйелер - бұл электр және жылу энергетикасы секторларында жұмыс істейтін интеграцияланған энергетикалық компания. Топ құрамына Қарағанды, ШҚО, Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласындағы кәсіпорындар кіреді. Тартылған қаражат инфрақұрылымды жаңғыртуға және жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамытуға бағытталатын болады. Бұл қадам ҚКЖ-ға Қазақстанның "жасыл" энергетика секторындағы позицияны нығайтуға және саланың тұрақты дамуын қолдауға мүмкіндік береді. Бұл бағыттар Қазақстанның энергетикалық секторды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатының басымдықтарына толықтай сай келеді", деп жазады Forbes.kz.

ҚКЖ - қаржылық тұрақтылықтың, жұмысын ашық жүргізудің және кәсіби команданың арқасында тұрақты дамуды қамтамасыз етуде Қазақстанның энергиямен жабдықтаушы саласындағы көшбасшы компаниялардың бірі. Компания үнемі халықаралық аудиттен, соның ішінде Big4 сүзгісінен өтеді. Тұрақты өсім стратегиясына сүйене отырып, ҚКЖ инфрақұрылымдарын белсенді түрде жаңғыртып, саланы дамытып отырады. 2024 жылдың қазан айында Fitch Ratings ҚКЖ-ға "BB -"  ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін берді. Болжам – Тұрақты.

Агенттіктің есебіне сәйкес, компанияның күшті тұстары мыналарды қамтиды:

  • Қазақстанның энергиямен жабдықтау саласындағы тұрақты нарықтық ұстанымы;
  • жоғары өтімділік және қаржылық тәртіп;
  • электр энергиясын өндіру, тарату және жеткізудегі тиімді интеграция.

ҚКЖ қаржылық көрсеткіштері дамудың тұрақтылығын растайды: қарыз коэффиценті/EBITDA - 0,8, ал кірістің орташа жылдық өсімі және EBITDA 15%-ды құрайды. Несиелік рейтингті ала отырып, ҚКЖ институционалдық инвесторларға компанияның облигацияларын сатып алу мүмкіндігін бере отырып, AIX биржасына шығып отыр.

Облигацияларды жоспарлы орналастыру 2025 жылғы наурыздың бірінші онкүндігіне жоспарланған. Облигацияларды шығаруды ұйымдастыру және андеррайтерингті Қазақстанның жетекші инвестициялық компанияларының бірі — BCC Invest жүзеге асырады.

Бұған дейін "Самұрық-Энерго" Шүлбі мен Өскемен ГЭС-терін өз балансынан шығарғанын хабарлағанбыз. Бұл туралы дерек KASE-де пайда болды. Нысандарды кім, қанша ақшаға сатып алғаны, әзірге белгісіз.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар