Алматыдағы "Қалқаман" метро станциясы 2026 жылдың 1 желтоқсанында ашылады деп жоспарланып отыр. Жаңа станция тәулігіне 140-150 мың жолаушыға қызмет көрсете алады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Bes.media мәліметінше, қоғамдық кеңес мүшелері метро құрылысының барысын барып көріп, қауіпсіздік, су басудан қорғау, пойыздардың жүктемесі және мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау мәселелерін талқылады.
Метрополитен өкілдерінің айтуынша, негізгі құрылыс жұмыстары маусым айының соңына дейін аяқталмақ. Станцияда төрт лифт орнатылады. Егер лифт істемей қалса, арнайы көтергіш құрылғылар қолданылмақ.
Сондай-ақ мамандар станцияны су басу қаупі ескеріліп салынғанын айтты. Нысан толық гидрооқшаулаумен қорғалған және арнайы су шығару жүйелері қарастырылған.
Метро маңында 280 көлікке арналған автотұрақ пен қоғамдық көлікке арналған арнайы тұрақ салынады. Алайда мамандар бұл орындар қала маңынан келетін көліктерді толық азайтуға жеткіліксіз болуы мүмкін екенін айтты.