Яндекс Такси жүргізушілерге арналған адалдық бағдарламасын жаңартты: онда комиссияға жеңілдік беріледі

Яндекс Такси жүргізушілерге арналған адалдық бағдарламасын жаңартты: онда комиссияға жеңілдік беріледі
Dala News

Яндекс Такси Қазақстандағы серіктес жүргізушілерге арналған адалдық бағдарламасын жаңартты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бағдарламаның басты артықшылықтарының бірі – сервиспен ұзақ уақыт серіктес болып келе жатқан жүргізушілер үшін комиссияға берілетін жеңілдік. Соның арқасында сервис серіктестері 2026 жылдың соңына дейін тапсырыстар есебінен шамамен 1,7 миллиард теңге көлемінде қосымша табыс таба алады. Мысалы,Астанадағы «Эконом» тарифі бойынша адалдық бағдарламасының ең жоғары деңгейінде сервис комиссиясы екі есеге жуық төмендейді.

1 маусымнан бастап Яндекс Прода жүргізушілерге ұпай есептелетін жаңа адалдық бағдарламасы іске қосылады. Жүргізушінің келесі айдағы деңгейі осы айда жиналған ұпай санына қарай анықталады. Бағдарламада барлығы «Шебер», «Кәсіпқой», «Сарапшы», «Чемпион» және «Аңыз» деген бес деңгей болады.

Алғашқы үш деңгейге жету үшін жүргізушілерге сапар барысында ұпай жинау жеткілікті. Ал жоғары деңгейлерге өту үшін сервисте ұзақ уақыт тұрақты жұмыс істеу қажет, мәселен, «Чемпион» деңгейі қатарынан 12 ай, «Аңыз» деңгейі 36 ай талап етеді.

Жаңартылған бағдарламада ұпай есептеу жүйесі де өзгереді. Деңгейді есептеу кезінде сапарлардың әртүрлі параметрі ескеріледі. Бұл бағдарламаға әр қала мен тарифтегі жүргізушілер жұмысының ерекшеліктерін дәлірек есепке алуға мүмкіндік береді.

Бағдарламадағы әр деңгей жаңа артықшылықтарға жол ашады – деңгей жоғарылаған сайын жүргізушіге қол жеткізе алатыні мүмкіндіктер де көбейеді. Мысалы, алғашқы үш деңгейде Яндекс Плюс жазылымы, бос тұрып қалу уақытын қысқартып, көбірек тапсырыс алуға көмектесетін қосымша басымдық ұпайлары және басқа да артықшылықтар қарастырылған.

«Чемпион» және «Аңыз» деңгейлерінде сервис комиссиясына жеңілдік беріле бастайды. Мәселен, «Чемпион» деңгейінде жеңілдік 3 пайыздық тармақты, ал «аңыз» деңгейінде 8 пайыздық тармақты құрайды. Жеңілдік барлық такси тапсырысына автоматты түрде қолданылады және сервис комиссиясының жалпы сомасынан шегеріледі.

Сервис сарапшыларының есебінше, комиссияға берілетін жеңілдіктің арқасында Яндекс Про серіктестері 2026 жылдың соңына дейін пайдаланушылар тапсырыстарынан 1,7 миллиард теңгеден астам қосымша табыс таба алады.

Жаңа адалдық бағдарламасындағы деңгейді серіктес жүргізушілер автоматты түрде алады – оны есептеу кезінде жүргізушінің сервистегі осыған дейінгі сапарлар тарихы ескеріледі.