Қазақстандық ірі әуекомпания Ресейге сапарлаудан бас тартты

Көркем Алдабергенова 27 жел. 2024 13:33 9045

Қазақстандық QAZAQ AIR әуекомпаниясы Ресейге сапарлаудан бас тартты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әуекомпаниясы биыл 28 желтоқсан мен 2025 жылғы 27 қаңтар аралығында Астана - Екатеринбург бағыты бойынша әуе рейстерін орындауды уақытша тоқтатуға мәжбүр екенін хабарлады.

Рейстер Ресейге ұшу тәуекелдерін үнемі бағалау нәтижелерінің негізінде жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тоқтатылған.

Әуекомпания қазіргі уақытта QAZAQ AIR тәуекелдерін бағалау шарттарына сәйкес келетін Омбы мен Новосібірге рейстерді орындауды жалғастырады. Екатеринбургке әуе рейстерін қайта ашу – тәуекелдерді қайта бағалау қорытындылары бойынша жүзеге асырылатын болады.

Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына әуебилеттерінің толық құнын қайтару қамтамасыз етіледі және әуекомпанияның баламалы рейстеріне тегін қайта брондау ұсынылады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар