Қазақстандық электромобильдер шетелдерге экспортталады

Dalanews 12 шіл. 2016 10:36 788

Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «СарыАрқаАвтоПром» автоқұрастыру кәсіпорнында болды, деп хабарлайды pm.kz.

«СарыарқаАвтоПром» ЖШС - Қостанайдағы ірі кәсіпорындардың бірі. Индустрияландыру бағдарламасы аясында мұнда жаңа өндіріс - CКD-құрастыру әдісімен NOMAD моделімен Ssang Yong автомобильдерін шығару іске қосылды.

Кәсіпорынды аралау кезінде Кәрім Мәсімов шығарылатын өнім желісімен, оның ішінде отандық электромобильдердің шығарылуымен танысты.

Автомобиль өндірісі аймақ экономикасының дамуына зор үлесін қосып отырғанын айта кеткен жөн. Нақ осы салаға жалпы аймақ өнімінің 11,3% тиесілі.

dalanews karim_masimov01Биылғы жылдың қаңтар және мамыр айларының аралығында 1665 Peugeot (Франция), Toyota (Жапония), Ssang Yong (Оңтүстік Корея), JAC (Қытай) жаңа автомобильдері шығарылған, олар қазақстандық нарықта зор сұранысқа ие.

Алдағы уақытта JAC автомобильдерінің шанақтарын дәнекерлеу желісін орнату жоспарлануда.

Премьер-Министрге автоқұраушытар шығаратын индустриялдық аймақ таныстырылды.

Компаниялар тобының құрамына «СарыарқаАвтоПром» кіретін AllurGroup директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев автоконцерннің өндірісті кеңейту бойынша жоспары туралы баяндады.

Кәсіпкердің айтуынша, қазіргі кезде AllurGroup CMC қытай корпорациясымен ынтымақтастық мәселелерін пысықтап жатыр. Тараптар бірлескен өндіріс құрып, болашақта шығарылатын автомобильдерді шетелдерге экспорттауды көздеуде.

Бизнесмен сондай-ақ бұл іске мемлекеттік демеу қаржының қажет еместігін, оның таза коммерциялық жоба екенін атап өтті. Алайда Лаврентьев қытайлық серіктес үшін инвестициялық преференцияларды сақтау қажеттігін айтты. Бұл жобаны экономикалық тұрғыдан тартымды ете түспек.

Сонымен қатар Кәрім Мәсімов ауыл шаруашылығы техникасын құрастыратын цех жұмысымен танысты. «СарыарқаАвтоПром» базасында астық жинайтын заманауи Essil және New Holland комбайндары шығарылады. Еліміз бойынша бұл техникаларға қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын сегіз филиал жұмыс істеуде.

 

Дереккөзі: baq.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар