Қазақстандағы ең табысты банктер рейтингі

Кәмшат Тілеухан 04 қар. 2024 10:58 1699

Ең табысты банктердің қатарына қазан айында ресейлік ВТБ қосылды, оның биыл тапқан табысы өткен жылмен салыстырғанда үш есеге өскен. Сондай-ақ, Forte, Jusan және БЦК қарқынды өсімді көрсетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

1 қазандағы мәліметке сәйкес, 2024 жылдың тоғыз айында қазақстандық банктердің жалпы табысы  1,85 трлн теңгені құрады. Бұл - 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17%-ға көп көлем. Негізінен, ірі банктердің табысы артуда, ал кейбір банктердің пайдасы өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда азайған. Олардың қатарына Отбасы банкі, Қазақстан Ситибанк және Еуразиялық банк жатады.

Ең табысты үздік 10 банк

Алғашқы ондыққа биыл ресейлік ВТБ еніп отыр, оның табысы өткен жылмен салыстырғанда үш есеге өскен. Сондай-ақ 2023 жылғы жылмен салыстырғанда  жылдам өсімді Forte (+62%), Jusan (+62%) және БЦК (+40%) тіркеді.

  • І-орын. Halyk Bank 600 млрд теңгеге жуық пайда тапты (2023 жылдың осындай кезеңінде бұл сома 502,2 млрд теңгені құраған болатын).
  • ІІ-орын. Kaspi Bank-тің биылғы табысы - 378,8 млрд теңге (2023 жылдың осындай кезеңінде – 346,6 млрд теңге).
  • ІІІ-орын. БанкЦентрКредит  - 139 млрд теңге (2023 жылдың ұқсас кезеңінде - 99,2 млрд теңге әрі 4-орын)
  • IV-орын. Jusan 120,4 млрд табыс тапты (2023 жылдың 9 айында - 74,5 млрд теңге әрі 7-ші орын).
  • V-орын. Forte - 113 млрд теңгеден астам (2023 жылдың ұқсас кезеңіне - 69,9 млрд теңге әрі 8-ші орын).
  • VI-орын. Отбасы банк 95 млрд теңге табыс тапты (2023 жылдың ұқсас кезеңінде - 117 млрд теңге әрі 3-ші орын).
  • VII-орын. Қазақстан Ситибанк - 78,6 млрд теңге (2023 жылдың 9 айында - 86,9 млрд теңге әрі 6-орын).
  • VIII орын. Еуразиялық банк 63,3 млрд теңге пайда тапты (2023 жылдың ұқсас кезеңінде – 86,8 млрд теңге әрі 5-орын).
  • IX-орын. Bank RBK - 44 млрд теңге (2023 жылы - 36,3 млрд теңге).
  • X-орын. ВТБ Қазақстан 32,1 млрд теңге табыс тапты (бір жыл бұрынғы табысы - 10,5 млрд теңге әрі 18-орында тұрған).

Қазақстанның банк секторы 2025 жылы да жоғары рентабельді болып қала бермек. Fitch алдағы жылы да бұл сектордың негізгі тиімді көрсеткіштері сол күйінде жоғары болып қалады деп күтеді. Банктік операцияларға салынатын салықтардың ықтимал өсімі несиелендіру секторына айтарлықтай әсері болмайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар