Қазақстандағы аштыққа жалғыз Голощекин кінәлі ме?

Dalanews 04 сәу. 2016 01:42 822

[caption id="attachment_14601" align="alignright" width="185"]i_008 Голощекин[/caption]

Қазақстандағы ашаршылыққа сол уақыттағы Қазақстан Өлкелік партия комитетінің бірінші секретары, жалғыз Голощекин кінәлі ме? Жоқ.

Қазақстанда осы дәуірде онымен тізелес жүрген қазақ азаматтары болды. Мысалы, Ораз Исаев 1925-1929 жылдар арасында Өлкелік комитеттің екінші хатшысы, яғни Голощекиннің орынбасары болды. 1929-1938 жылдары республика Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

Ізмұхан Құрамысов 1930-1933 жылдар аралығында сол Өлкелік комитеттің екінші хатшысы қызметін атқарды. Сондай-ақ басқа да жауапты, осындай ірі қызметтер атқарған адамдар бар еді. Олар осындай зобалаңды көрмеді ме? Көрді. Бірақ шенқұмарлықтан аса алмады. Демек, сол аштан қырылғандардың қаны сол Голощекиннің емес, өз ішімізден шыққан жандайшаптардың да мойнында.

Ілгеріде атын айтып кеткен Ораз Исаев кейіннен былай деді: «Ана жылғы қиыншылықты (1930-1932 жылдарды айтады) әркім әртүрлі түсінеді. Оған кім кінәлі? Қазақ еңбек ете алмайтын халық. Социалистік құрылыстың қарқынына ілесе алмай қиыншылыққа ұшырады». Байқар болсаңыз, «қиыншылыққа» деді. «Қырғынға ұшырады» деген жоқ.

Мыңдаған жылдар еңбек етіп, күн көріп келген халық сол бір-екі жылда еңбек етуді ұмытып қалып па?

Зейтін Ақышевтың естелігінен


Мақала «Қызылдар қырғыны» кітабының негізінде әзірленді


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар