Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылардың мемлекет алдындағы берешегі 17 млрд теңгеге жетті

Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылардың мемлекет алдындағы берешегі 17 млрд теңгеге жетті
ЖИ: Dalanews

Қазақстандағы жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың мемлекет алдындағы берешегі 17 млрд теңге болды. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның айтуынша, бүгінге дейін 5,2 млрд теңге өндіріліп, қалған қарызды өтеу жұмыстары жалғасып жатыр. Кейбір компанияларға қатысты мәселе сот тәртібімен қаралуда.

Вице-министрдің сөзінше, аталған берешек тек салыққа қатысты емес. Қарыздар жер қойнауын пайдалану туралы келісімшарт талаптарының орындалмауынан туындаған.

Атап айтқанда, бірқатар компаниялар мұнай мен газ өндіру жоспарын орындамаған, қазақстандық тауарлар мен қызметтердің үлесін қамтамасыз етпеген, бұрғылау жұмыстарын толық атқармаған немесе ішкі нарықты қажетті көлемде мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету міндеттемесін орындамаған.